Шетелдік азаматтарға виза алу тәртібі
Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына кіру үшін, егер ҚР халықаралық шартында өзгеше тәртіп белгіленбесе, виза қажет.
ҚР визасы жеке басын куәландыратын және жол жүруге жарамды паспортқа немесе ҚР танитын басқа құжатқа желімделеді және ҚР-ға кіру және болу, сондай-ақ одан шығу немесе ҚР аумағын транзитпен кесіп өту құқығын береді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ҚР Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, виза алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген шақырудың болуы талап етіледі.
Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғаларынан шақыруларды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресімдейді.
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың шақырулары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ресімделеді.
Қағидаға сәйкес шақыру виза алушының Қазақстан Республикасына келуінің болжамды күніне дейін күнтізбелік 90 күннен ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру болжамды келу күніне 1 жылдан ерте емес және 5 күнен кешіктірілмей беріледі.
Шақыруды қарау мерзімі Өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайды.
Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін ҚР СІМ-не Қағидаларға (бұдан әрі-нысан) 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша кестені қоса вербалды нотны ұсынады.
Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР Ішкі Істер Министрлігіне ұсынады:
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны бергені үшін мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) және басқа да қажетті мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады
ҚР ІІМ визасының санатына байланысты қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
Бұрын Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдарын және көші-қон заңнамаларын шақырылған шетелдіктермен сақталуын қамтамасыз етпеген шақырушы тараптың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру жөніндегі қолдаухаттары қаралмайды.
Виза алу үшін консулдық бөлімге мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:
Визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.
Консулдық алымдардың төленген сомасы қайтаруға қайтарылмайды.
ҚР шет елдердегі консулдық мекемесінде шетелдікке ҚР визасы 5 жұмыс күні өткеннен кейін беріледі. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда шетелдікке ҚР визасын беруден бас тартылуы мүмкін.
Бұрынғы отандастарға (Қазақстан Республикасымен байланысын куәландыратын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасынның ұлттық паспортында, туу туралы куәлігінде туған жері туралы бағанада тиісті белгінің болуы немесе некеге тұру туралы куәлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы анықтамасы бар болса) 90 күнге дейінгі мерзімге қолдаухат негізінде шақырусыз бір мәртелік жеке виза беріледі.
Шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға (жерлеуге немесе туыстары/жақындары ауырған жағдайларда, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе ата-аналарына, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне) 90 күнге дейінгі мерзімге қолдаухат негізінде шақырусыз біржолғы жеке виза беріледі.
Экономикалық дамыған, саяси және көші-қон-тұрақты мемлекеттер тізіміндегі азаматтар (Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген 48 ел) Қағидаларда белгіленген мерзімге ҚР бір реттік қызметтік, іскерлік, жеке және туристік визаларын ресімдеу кезінде шақырудың болу қажеттілігінен босатылады.
Қағидаларда этникалық қазақтар (қазақ диаспорасы) үшін 3 жылға дейінгі мерзімге ҚР визаларын беру көзделген.
Электрондық визалар
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық формата беру ресімінің пилоттық жобасы енгізілді.
Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделуге) Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген Қазақстан тарапының қолданыстағы шақыруы негізінде ресімделеді.
Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлардағы бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына келеді және кетеді.
Электрондық визалар 117 мемлекеттің, іскерлік және емделуге 23 мемлекеттің азаматтарына ресімделеді (елдер тізімі қоса беріледі).
Электрондық виза тек виза алушы үшін қолданылады және еріп жүретін адамдарға қолданылмайды.
Электрондық визаны рәсімдеудің қадамдық алгоритмі
Азаматтарына бір мәртелік электрондық визалар ресімделетін елдердің тізімі
Іскерлік және емделуге Қазақстан Республикасының электрондық визасын ресімдеуге мүмкіндігі бар азаматтар елдерінің тізімі
Ақпарат https://egov.kz/ сайтынан алынған