Мемлекеттік қолдау шаралары

1. Келу туризмін дамытатын туроператорларға субсидия:
Туроператорларға Қазақстанда кемінде 4 күн және 3 түн болған, eQonaq жүйесіне тіркелген әрбір шетелдік турист үшін 15 000 теңге көлемінде субсидия төленеді.
 
2.Kids Go Free бағдарламасы:
Ішкі туризм бойынша лицензиясы бар туроператордан тур сатып алған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балалардың әуе билеттері толық субсидияланады.
 
3.Курорттарға арналған шығындарды өтеу:
Мемлекет шаңғы курорттарына арналған жабдық пен техниканы сатып алуға кеткен шығынның 25%-ын өтейді.
 
4.Жол бойындағы инфрақұрылым:
Мотельдер, жанармай құю станциялары, дәмханалар және өзге де жол бойындағы нысандар құрылысына кеткен шығынның 10%-ы қайтарылады.
 
5.Санитарлық-гигиеналық тораптар (СГТ):
Туристік орындар мен жол бойында орналасқан дәретханалар мен санитарлық нысандарды ұстауға ай сайынғы 83 300 теңге мөлшерінде субсидия төленеді.
 
6.Туристік нысандарды қайта құру:
Туристік нысандарды салу және қайта құру шығындарының 10%-ы өтеледі.
 
7.Туризмге арналған көлікті қолдау:
Тек туристік мақсатта қолданылатын, 8 орыннан көп автобустарды сатып алуға кеткен шығынның 25%-ы субсидияланады.

БАРЛЫҚ СҰРАҚТАР БОЙЫНША 8/7232/713-239 ТЕЛЕФОНЫ БОЙЫНША ХАБАРЛАСУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ.

Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.