Облыстық әкімдік ғимаратының алдына 2009 жылдың тамыз айында қазақ халқының ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторлары Ескен Сергебаев пен Бақытжан Әбішев. Алаңға қарама-қарсы жерде сквер мен фонтан, қала тұрғындарының демалатын орны бар. Алаңның сәулет ансамблі 2003 жылдың қыркүйегінде салынған мешіт ғимаратын аяқтайды. Жоба авторы А. Скалабан.