Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Өскемен қаласында Ертіс жағалауында үш мәрте Социалистік Еңбек Батырына Ефим Павлович Славскийге ескерткіш орнатылды. Мүсіншілер Хамитби Күлчаев (Өскемен қ.) және Александр Лягин (Мәскеу қ.). Жобаның сәулетшісі Станислав Кристофоров. Ескерткіш 2011 жылдың 25 тамызында ашылды.