Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның түңғыш Қорғаныс министрі, "Халық Қаһарманы" атағының иегері Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш. Бұл ескерткіш тұғырдан және оған орнатылған металл қаңқалы қола мүсіннен түратын композиция болып табылады. Биіктігі - 3,6 метр. Өскеменнің 19-шағын ауданындағы аттас демалыс саябағының орталығында орналасқан. Жоба авторлары - белгілі мүсіншілер Нұрбол Қалиев пен Сәрсен Сейітов.
Ашылу күні: 2022 жыл