Андрей әулие кафедралды соборы

Қасиетті Үштік ерлер монастырының (Свято-Троицкого мужского монастыря) аумағында Әулие апостол Андрей Первозванныйдың (святого апостола Андрея Первозванного) құрметіне арналған зәулім собор бой көтерген. Оның құрылысын бастау бастамасы шіркеу билігінен шыққан: Астана және Алматы архиепископы (Архиепископ Астанайский и Алматинский) Алексий (Кутепов) — қазіргі Тула және Ефремов митрополиті, сондай-ақ Өскемендегі Қасиетті Үштік монастырының (Свято-Троицкого монастыря) бұрынғы наместнигі (наместник) игумен (игумен) Платон (Дивенко) Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Виталий Леонидович Меттеге (2003 ж. қ.) жаңа собор салу үшін жер телімін бөлу туралы өтінішпен жүгінген. Әкім бұл идеяны қолдаған, алайда сол кезде бюджеттен қаржы бөлу мүмкін болмағандықтан, ғибадатхана азаматтардың қайырымдылық қаражаты есебінен салынады деп жоспарланды. Жаңа храмды Қасиетті Үштік ерлер монастырының жанынан салу туралы шешім қабылданды.

Собор құрылысы 2001 жылы басталды. Оның жүзеге асуына сол жылдардағы қала мен облыс басшылары — Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виталий Леонидович Метте және Өскемен қаласының әкімі Вера Николаевна Сухорукова белсенді әрі тікелей атсалысты.

Жергілікті баспасөз құрылыс барысын тұрақты жариялап, жұмыстың қалай жүріп жатқанын, оны кімдер және қандай қаражат есебінен жүргізіп жатқанын тұрғындарға хабарлап отырды. Алғашында болашақ собордың сызбалары мен макетінің суреттері, кейін құрылыстың әр кезеңін көрсететін фотосуреттер жарияланды.

Храмның сәулеттік келбетін жобаның бас сәулетшісі Юрий Михайлович Трашков жетекшілік еткен топ әзірледі.

Андрей әулие кафедралды соборы орыс православ сәулет өнерінің дәстүрімен салынған: бес күмбезді, кіреберісінің үстінде биік шатырлы қоңырау мұнарасы бар («қоңырау астындағы храм» түрі — храм «под колокола», Қасиетті Үштік храмының (Свято-Троицкого храма) бастапқы келбетіне ұқсас). Күмбездерінің алтын түсті болуы да дәстүрлі, оларды ресейлік шеберлер құйып жасаған.

Мәлімет сайт материалдары негізінде алынды: http://vko-eparhia.kz/

Қазақ тіліне аударма: VisitEastKZ

Орташа рейтинг:

Пікірлер (0)

    Пікір қалдыру

    5 балдық шкала бойынша бағалаңыз
    Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.