Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының құрамына кіреді.
Ғимаратта: "Біз - Қазақстан халқы" экспозициясы, ғылыми-ағарту және бұқаралық жұмыс бөлімі орналасқан.
Тарих және сәулет ескерткіші.
Бұрынғы Мариин әйелдер мектебі. 1901 жылы салынған. Ғимаратта Луначарский атындағы II дәрежелі мектеп орналасқан. Кейінірек бұл жерде Киров атындағы әйелдер мектебі, аурухана орналасқан.