Күршім тарихи-өлкетану мұражайы 1976 жылы қоғамдық негізде құрылды.
Мұражайдың ұйымдастырушысы және негізін қалаушы өлкетану әуесқойы Кушников Мстислав Анатольевич болды. Алғашқы экспонаттар оның басшылығымен жиналды, олар 8 дана көне заттарды (ескі басылған кітаптар, шіркеу заттары, қазақ халқының этнография бұйымдары) құрады. 1987 жылдың соңында Күршім ауданының тұрғындары жаңа мұражай ғимаратын алды. 1988 жылдың ақпанынан бастап мұражай мемлекеттік мәртебеге ие болды. Мұражайдың екінші ғимараты ағаш үй ХХ ғасырдың басында салынған. Бұл ғимаратта 1939-1962 жылдары әскери комиссариат болған. Мұнда Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алуға арналған ескерткіш тақта орнатылған.