Зайсан тарихи-өлкетану мұражайы Зайсан қаласында орналасқан. Мұражай ғимаратының пайдалы ауданы 198,8 шаршы метрді құрайды. Мұражай 1971 жылы ашылды. Онда алты экспозициялық зал бар: табиғат залы, қазақ этнографиясы залы, орыс этнографиясы залы, қолөнер залы, әскери зал, заманауи зал. Ғимаратты 1894 жылы көпес Бидахмет Бобкин үшін әйгілі шебер Баязит Сәбитұлы салған.