"Нұрлы жол" саябағы Ертістің сол жағалауында орналасқан, саябақты басты аттас ескерткіш безендіреді. Қазақстан туының түсімен боялған монументтің екі стеласы екі құрлықтың-Еуропа мен Азияның бірігуін бейнелейді. Стелаларды бүркіт қалықтаған шаңырақ біріктіреді. Қалықтаған бүркіт алтын жапырақтан жасалған.