Ғимарат 1915 жылы салынған. 1918 жылы "Алаш" партиясы өкілдерінің жиналысы өткен, үй партияның штаб-пәтері ретінде пайдаланылған. Ұлттық зиялы қауымның іздері қалған тарихи орын. Үй иесі Ж. Татановты үш мас революционер большевиктер өз үйінің ауласында атып өлтірген.