Өскеменде Андреевская көшесі болды. Ол өзінің бастауын сұр Ертістің жағасынан алып, базар алаңының, өрт сөндіру бекетінің жанынан өтіп, 1899-1902 жылдары саяси жер аударылғандар күшімен салынған қалалық бақ (қазіргі Жамбыл атындағы саябақ ) орналасқан бос жерге дейін жеткен.
1886 жылы осы көшенің сол жағында сол кездегі ең үздік ерлер бастауыш мектебінің екі қабатты ғимараты (1881 жылы ашылған) салынған. Төрт қат төбесі бар екі қабатты ғимарат, симметриялы бүйірлік тікбұрышты проекциялармен сызбаланған. Орталық бүйірі - бесбұрышты. Ғимараттың кіреберісі орталық бөлігінің ортасында орналасқан. Қасбеттің шығыңқы орталық бөлігінің үстінде қисық төртбұрышты люкарнға ие. Кең карниз жалпақ модульондармен безендірілген. Модульон аумағы едендерді бөлетін бедерлерді безендірген.
Терезелер көрінер-көрінбес доғалы жақтауларға ие. Саябақтың салтанатты кіреберісі пилястрлармен безендірілген және төбесі жабық кіреберісі бар. Оның үстінде ағаш балюстрадасы бар балкон бар. Бастапқыда үстіңгі қабатта қалалық училище орналасты, төменгі қабатта бастауыш әйелдер мектебі болды. 1912 жылдан бастап - жоғары қалалық бастауыш училище атанды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары ғимарат жалпы білім беретін мектеп ретінде пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында онда госпиталь орналастырылды.
Соғыс аяқталғаннан кейін 60-шы жылдарға дейін бұл ғимаратта облыстық аурухананың хирургиялық бөлімі, кейін кешкі орта мектеп болды. Ғимарат облыстық этнографиялық мұражайға берілгеннен кейін екінші тынысы ашылды деуге болады.
Кеңес кезеңінде шатырдың бойындағы сәндік мұнаралар жоғалды. Басқа елеулі зақым келтірілген жоқ. Ғимарат ішінде ішінара қайта құру жүзеге асырылды.