Бақыт тау сыртында емес, бақыт тауда!
Таулар әрқашан адамды өзінің ауқымдылығымен, ұшар биіктерімен және болжамсыздығымен баурайтын. Олардың беткейлерінен көз тартар көркем аңғарлар мен шатқалдарды, шулы да сұлу сарқырамалар мен буырқанған өзендерді тамашалай аламыз.
Шығыс Қазақстан - еліміздегі ең таулы аймақтардың бірі. Қазақстандағы таулы бөлігі Алтай жалпы атауына ие, оған Листвяг таулы жоталары, Холзун, Ивановский, Үлбі және Уба жоталары кірген алып таулы өлкені құрайды.
Алтайдың ең биік нүктесі - Мұзтау тауы арқылы Қазақстан мен Ресей шекарасы өтеді. Олардың тау жоталарының ең көп бөлігі қалың орманмен, ал шыңдары қар мен мұздықтармен көмкерілген. Тау жүйесі жалпақ тауаралық ойпаттармен бөлінген. Олардың ішіндегі ең ірілері - Зайсан және Алакөл ойпаттары. Батысы алма мен көктерек, қайың алқаптары алып жатқан Тарбағатай тау жотасына ұласады.
Беткеұстарымыз - Мұзтау тауы.
Сібірдегі ең биік тау Мұзтау (4509 метр) 1998 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді. Ол үш мұхиттан бірдей қашықтықта орналасқан, сондықтан Еуразияның орталығы болып саналады.
Мұзтау тауының мұз бен қар қабаттары сұстылығы және тік құздылығымен таң қалдырады. Таудың ерекше екі шыңы бар, біреуі -Шығыс Мұзтау (4509 метр) және екіншісі Батыс Мұзтау (4435 метр). Николай Константинович Рерих Мұзтау туралы: "Мұзтау - өткеннің ақшаңқан куәгері және болашақтың кепілгері болып тұрған Азияның қасиетті тауы"-деп жазған.