Айыртау-ШҚО Ұлан ауданындағы тау.Абсолютті биіктігі 1003 м. Таулардың ұзындығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым, ені 4 шақырым. Ұлан және Дресвянка өзендерінің тау етегінен салалары басталады. Батысында шағын аумағы бар Айыр көлі орналасқан. Палеозой жыныстарының пайда болуына байланысты таудың беткейлері тігінен жартасты. Баурайдағы қара және қызғылт топырақта дәнді шөптер, қарағай, теректер өседі.