Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Оңтүстік Алтайдың эталондық ландшафттарын зерттеумен және сақтаумен айналысады. Ақ Берел және Бұқтырма мұздақ өзендерінің суының сүтті-көкшіл түсті болуы, ежелгі шежірешілердің сүтті өзендер мен балдай тәтті жағалаулары бар бақытты ел туралы аңыздарын туғызған еді. Тек Катонқарағай саябағында сарқырамалар шеруін тамашалауға болады. Олардың ішіндегі ең үлкені – Көк көл сарқырамасы. Саябақтың аумағында таңғажайып табиғи нысандар ғана емес, сонымен қатар маңызды мәдени ескерткіштер бар: Берел қорғандары, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы, ескі Австрия жолы, Көк-Көл кеніші. Көк-Көл кеніші 1938 жылы 3000 метр биіктікте ашылған. Мұнда вольфрам мен молибден өндірілген. Жоғарғы лагерьде барақтар, кеңсе, клуб, қойма, ұстахана, кен байыту фабрикасы сақталған. Шахта 1954 жылға дейін жұмыс істеген. Жеке атап өтуге лайықты Язевое көлі (Қаракөл). Бұл көлдің жағасында маралдар жиі жайылады.
Бұл біздің аймақтағы аққайран балығы мекен ететін жалғыз көл. Мұнда күн ашықта Алтайдың қарлы ақ тұғыры - Мұзтау тауы шағылысады, ал айналадағы беткейлер көк күмбезіндей – көгілдір, меруерт пен жақұттай, қара және тіпті қызғылт түстердің барлық реңктеріне енеді.