Қарама-қайшылықтар аймағы ретінде Күршім ауданын атауға болады. Мұнда күн қақтаған жазықтар, қарлы шыңдары бар таулар, аюлар мен маралдар мекендеген тұмса табиғат. Ал орталығында - қорық аумағындағы Марқакөл көлі тұр. Бұл Қазақстандағы таулы аумақтағы ең ірі көл. Ұшқыш балықтың мол қоры тек осы көлде кездеседі.

1976 жылы 4 тамызда Марқакөл қорығы 71 367 гектар жер аумағында құрылды.

Марқакөл қорығының өсімдіктер алуандығы бойынша жоғары сатыдағы өсімдіктердің жеті жүзден астам түріне ие. Марқакөл ойпатында ерекше қорғалатын өсімдіктердің 72 түрі бар. Оның 23 түрі республикамыздың Қызыл кітабына енгізілген. Сонымен қатар, Марқакөл қорығының аумағында кездесетін 71 өсімдік түрі Алтай-Саян экоаумағы шегінде қорғалатын өсімдіктер тізіміне енгізілген.

Қорықтың жануарлар түрі сан алуан. Олардың қатарында омыртқалылардың 316 түрі, оның 59-ы сүтқоректілер қатарында, 245-і құстар, 4-і бауырымен жорғалаушылар, 2-і қосмекенділер, 6-ы балықтар сапына жатады. Сондай-ақ, олардың 22 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және 11 түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің ішінде қар барысы, тас суыры. Құстардан – алтай ұлары, бүркіт, аққұйрық бүркіт, балықшы тұйғын және т. б. 

 

Орташа рейтинг:

Пікірлер (0)

    Пікір қалдыру

    5 балдық шкала бойынша бағалаңыз
    Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.