Бұқтырма су электростанциясы Ертіс өзенінде, Серебрянск қаласынан жоғары қарай 5 км жерде орналасқан. Электр станциясында әрқайсысы 75 мВт, жалпы қуаты 675 мВт болатын 9 агрегат орнатылған. Ұзақ концессия жағдайында Казцинк құрамына кіретін электр станциясы қазақстандық ұлттық энергетикалық жүйеге біріктірілген және энергия беруді реттейтін ең жоғары электр станциясы болып табылады. Станция жылына 2,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Өндірілген электр энергиясы толығымен компанияның бөлімшелерін электрмен жабдықтауға пайдаланылады.