• Жұмыс уақыты: 10:00 - 20:00
  • Сипаттама:

    «Императорға» бүкіл отбасымен келіп, сауда жасауға, күтім жасауға, көңіл көтеруге және жай ғана жақсы уақыт өткізуге болады.

    «Император» сауда кешені 2010 жылдың 19 маусымында ашылды. Ол Өскеменнің қақ жүрегінде, Әуезов пен Жеңіс проспектілерінің қиылысында орналасқан. Бұл кешенге кез келген көлік түрімен оңай жетуге болады. Жеке көлігімен келгендер үшін 90 орынға арналған сыртқы тұрақ жұмыс істейді. Жаз мезгілінде велосипед тұрағы қарастырылған. Ғимарат соңғы сәулет технологиялары бойынша салынған және барлық өрт қауіпсіздігі талаптарына толықтай сай келеді. Ішкі әрлеу жұмыстары жоғары сапалы, қымбат материалдардан жасалған. Сыртқы келбеті қаланың сәулеттік тұжырымдамасымен тамаша үйлесіп тұр.

    «Император» СК — Өскемендегі ең озық еуропалық деңгейдегі орталық, ол қаланың визиткасына айналды. Келушілер үшін «Император» СК-да 3 кіреберіс жұмыс істейді. Ішінде қабаттарда оңай бағдар жасауға және қажетті дүкенді жылдам табуға көмектесетін кешеннің ыңғайлы картасы бар. Кешенде барлығы 5 қабат бар, олардың арасында эскалаторлар немесе лифтер арқылы қозғалуға болады. Сондай-ақ кешен ішінде қосымша навигациялық тақтайшалар ілінген. Келушілер үшін кешенге қатысты кез келген сұраққа жауап беретін ақпараттық тірек (стойка информации) жұмыс істейді.

Орташа рейтинг:

Пікірлер (0)

    Пікір қалдыру

    5 балдық шкала бойынша бағалаңыз
    Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.