ШҚО әкімі «қазақстандық Куршевель» салу ниетін мәлімдеді

Аким ВКО намерен построить «казахстанский Куршевель»

Шығыс Қазақстан облысының тау-кен-металлургия саласының даму әлеуеті төмендеп жатқан жағдайда, облыс экономикасының болашақ қозғаушы күші ретінде туризмнің рөлі артып келеді, деп хабарлайды Noks.kz. тілшісі.

ШҚО-ның қазіргі әкімі Нұрымбет Сақтағанов үлкен үміт артылып отырған басым жобалардың бірі — Риддер қаласының маңындағы «Анатау» тау шаңғысы курорты.

Риддердің Алматы облысындағы курорттардан артықшылығы — тауларда шамамен сегіз айға созылатын табиғи қар жамылғысы бар нағыз қыс маусымының болуы.

— Мұндағы қардың сапасы өте жоғары, сондықтан жасанды қар импорттаудың қажеттілігі болмайды, — деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Осылайша шаңғы және сноуборд әуесқойлары оңтүстікте жаз басталып кеткен уақытта да сүйікті демалыс түрімен айналыса алады. Ендігі міндет — Риддер маңында туристерді тек қар мен беткейлермен ғана емес, жоғары деңгейлі қызметпен де тартатын әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы инфрақұрылымын қалыптастыру.

Бұл жобаны жүзеге асырудағы ең үлкен мәселе ұзақ уақыт бойы инвестордың болмауы еді. Әдетте, облыс ұсынатын туристік өнімдер ауқымының жеткіліксіздігі шетелдік ірі инвесторларды тартуға кедергі келтіретін. Алайда 2025 жылдың қараша айына қарай облыс билігі «Анатау» жобасына Швейцарияның ірі туристік компаниясын қызықтыра алды. Айта кетейік, бұл ел Еуропадағы тау шаңғысы туризмінің мойындалған көшбасшысы саналады.

Bartholet компаниясы «Анатау» жобасының болашағы зор екенін мойындап, Риддерді өз даму жоспарларына енгізді. Егер құрылыс осы жазда басталса, екі-үш жыл ішінде ШҚО-ның бұл өңірінің туристік әлеуеті жаңа деңгейге көтеріледі. Тау беткейлерін байланыстыратын заманауи аспалы жолдар салынады. Ал шаңғы тебу мүмкін болмайтын айларда жазғы ойын-сауық бағдарламаларын дамыту жоспарлануда.

— Бұл жердің тағы бір Куршевельге айналу әлеуеті бар, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Дереккөз: yk-news.kz

Аударма: VisitEastKZ

15/02/2026 11
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.