Қазақстан туризмді дамыту бойынша үздік 50 елдің қатарына жақындады

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде 119 елдің ішінде 66-орыннан 52-орынға көтерілді.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов мәлім етті.

«Үздік 50 елдің қатарына ену — стратегиялық мақсаттардың бірі. Бұл туристер үшін қолайлылық пен қауіпсіздікті арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және туристік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді», — деп атап өтті спикер баспасөз мәслихатында.

Ақпарат көзі: BAQ.KZ

03/03/2026 20
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.