EuroNews телеарнасында Қазақстанның туристік інжу-маржандарына арналған Modern Nomads бағдарламасының жаңа шығарылымы жарық көрді. Бағдарламада ерекше табиғатымен, бай тарихымен және мәдени мұрасымен танымал Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай өңірі көрсетілді.
Көрермендерге Катонқарағайдың әсем таулары мен ормандары, тұмса көлдері мен ұлттық табиғи парк аймақтары ұсынылды. Сондай-ақ аудандағы қазіргі туризмнің жағдайы баяндалды. Туризм саласының өкілдері дамуды табиғатты аялау қағидаттарына негіздеу қажеттігін атап өтті: бастысы – өңірдің тұмса сұлулығын сақтау, туризмді жаппай ағымға айналдырмау. Осылайша Катонқарағайдың бірегейлігі сақталады.
Бүгінде Катонқарағай экотуризм үшін ең тартымды бағыттардың бірі болып саналады. EuroNews сюжеті бұл аймақтың отандық қана емес, шетелдік туристер үшін де шабыт пен таңданыс сыйлай алатынын айқын көрсетті.
Толық шығарылымды келесі сілтеме арқылы көруге болады: Қазақстандағы Катонқарағай: адам мен табиғат үндестікте өмір сүретін жер