ШҚО-да Марья жартасының етегінде жаңа демалыс базасы ашылды
Шығыс Қазақстан облысында жаңа туристік нысан – «Naztau» демалыс базасы пайда болды. Жобаның бастамашылары – педагогтар отбасылық жұбы Назым Қыстаубаева мен Еркебұлан Сабырбеков.
Марья жартасы – Шемонайха өңірінің ең танымал табиғи көрікті жерлерінің бірі, жазушы Анатолий Ивановтың шығармашылығымен тығыз байланысты. Енді жартас етегінде қонақтарды кең киіз үйлер қарсы алады. Демалушылар үшін фотозоналар, мангал мен көше самоварлары, әуендік сүйемелдеу және ұлттық киімдерді киіп көру мүмкіндігі қарастырылған.
Алдағы уақытта иелері қызмет түрлерін кеңейтіп, «Naztau»-ды жыл бойы жұмыс істейтін алаңға айналдыруды жоспарлап отыр.
Жоба «Ауыл Аманаты»мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.