2022 жылғы 17 қаңтарда Қазақстанға кірудің жаңа ережелері күшіне енеді! Вакцинацияға қарамастан барлық жолаушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 72 сағаттан ерте емес іріктелген COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесін беруге тиіс.
- анықтама ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде болуы тиіс;
-5 жасқа дейінгі балаларға еріп жүретін адамдарда анықтама болған кезде ПТР-тест қажет емес;
-COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесі болмаған жағдайда, Қазақстан азаматтары мен ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоса алғанда, жолаушылар ұшу әуежайынан бортқа жіберілмейді.