
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Өрел ауылы «Ауыл» телеарнасы ұйымдастырған «Үздік ауыл» республикалық жобасына қатысып жатыр. Ауылдастардың, аудан тұрғындары мен барлық шығысқазақстандықтардың қолдауы Өрелге келесі кезеңге өтуге көмектеседі.
Жоба ауылдардың әлеуетін көрсетіп, жетістіктерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік береді. Дауыс беру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2026 жылдың 12–18 қазаны аралығында @auyltv.kz Instagram парақшасында өтеді. Ал екінші кезең 19–25 қазан аралығында @auyltvkz YouTube арнасында ұйымдастырылады. Жобаның финалы 31 қазанға жоспарланған.
Байқау ережесіне сәйкес, финалға шығатын екі ауыл қаралым, лүпіл (лайк) және пікір саны негізінде жиналатын ұпайлар арқылы анықталады. Сондықтан Өрел ауылы туралы сюжетті көріп, қолдау көрсету және материалды кеңінен тарату ауылдың мүмкіндігін арттыратын маңызды қадам болып табылады.
Облыс тұрғындарын Өрел ауылы туралы сюжетті әлеуметтік желілерде бөлісіп, ортақ чаттарда таратуға және дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз.
Өрел – Шығыс Қазақстанның ауылдық елді мекендерінің әлеуетін паш етуге мүмкіндік алған мекендердің бірі. Бұл жоба ауылдың жетістіктерін көрсетуге көмектесіп қана қоймай, тұрғындарды біріктіріп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне сілтеме жасаған «Ratel Media» МИА хабарлайды.
Дереккөз: «Ratel Media»