Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірге нысанды орналастыруға ұсынылған аумақты аралап көрді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Нысанды орналастыру барысында табиғи жағдайлар мен көрікті локацияларға, орман қорын сақтауға, экологиялық қауіпсіздікке және таңдалған алаңның рекреациялық аймақты дамыту әлеуетіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, туризмді дамыту Глубокое ауданының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Перспективалы инвестициялық жобалар туралы біз ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің «Shygys 360°» баспасөз туры барысында аудан әкімімен сұхбаттасу кезінде білдік.
— Біз облыс орталығы — өнеркәсіптік Өскемен қаласына тікелей жақын орналасқанбыз, сондықтан демалыс күнгі туризмді дамыту — негізгі бағыт, — деп атап өтті Эльдар Тумашинов. — Тау шаңғысы бойынша біз Шығыс Қазақстанда алғашқылардың қатарындамыз: бізде «Алтай Альпілері» және «Нұртау» бар. Мұнда туристер ағыны өте жоғары. Тау шаңғысы кластерін «The Forest Hills» қонақүй кешені базасында да дамытуды жоспарлап отырмыз, мұнда SPA-қонақүй ашылады. «Конный двор» базасында ірі инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарлануда.
Глубокое ауданындағы тағы бір тартымды туристік локация — «Заречье» эко-қонақүйін дамытуға шамамен 1 миллиард теңге жеке инвестиция бағытталады. Қазірдің өзінде заманауи мейрамхана ашылған, жақын уақытта ірімшік және сыра қайнату өндірістері іске қосылады. «Заречье» кешенінің мүмкіндіктері мен мәселелері туралы толығырақ алдағы уақытта хабарлаймыз.

Дереккөз: ustinka.kz
Аударма: VisitEastKZ