Облыс орталығында 19 маусым күні ашық аспан астында ауқымды ойын-сауық шоуы өтеді, — деп хабарлайды YK-news.kz. тілшісі

Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары таза ауада уақыт өткізуге, тақырыптық алаңдарды тамашалауға және бүкіл отбасына арналған сан алуан ойын-сауықтарға қатысуға шақырылады.
Мерекелік іс-шаралар Чехов және Максим Горький көшелерінде, Арбатта және Қасым Қайсенов атындағы саябақта өтеді. Фестиваль уақыты: 14:00-ден 22:00-ге дейін.
Фестиваль бағдарламасында:
Скутерлер жарысы және спорттық белсенділіктер;
Қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі (шеберлер аймағы) және асфальттағы граффити;
Ерекше сынақтары бар ойын алаңдары;
Чехов көшесінде дәмханалар мен аниматорлар қатысатын жазғы кеш, сондай-ақ караоке мен фотоаймақтар.
Арбат пен саябақ тынысы:
Арбатта: Көше музыканттары мен гитаристер өнер көрсетіп, би додасы (танцевальная битва) өтеді.
Қ. Қайсенов саябағында: Қонақтарды йога мен зумба жаттығулары, шығармашылық шеберлік сыныптары, сурет салу, кітап пен ойыншық алмасу аймағы, сондай-ақ шай ішу орны күтеді.
Басты сахнада диджейлер шайқасы мен хит әндер шырқалатын музыкалық бағдарлама ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фестиваль әрбір адам өз жанына жақын іс таба алатын демалыс, шығармашылық және еркін араласу кеңістігіне айналмақ.
Дереккөз: yk.kz
Аударма: VisitEastKZ