Өскеменде халықаралық ралли-марафонының мәресі өтті

Өскеменде халықаралық «Mongol Rally» ралли-марафонының мәресі өтті

2025 жылғы 16 тамызда Өскемен қаласында аңызға айналған халықаралық автожарыс – «Rally» ралли-марафонының алғашқы мәресі ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша іс-шара Достық үйінде (ДКМ) өтті.

Биыл Өскеменде мәренің екінші рет өтуі өңірдің халықаралық туристік бағыттардағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Алғашқы мәреге 19 елден келген 55-тен астам қатысушы мен 19 автокөлік жетті. Олардың қатарында саяхатшылар, автоспорт жанкүйерлері және шетелдік қауымдастықтардың өкілдері бар.

Келесі, негізгі мәресі 23 тамыз 2025 жылы өтеді. Бұл күні Өскеменге әлемнің түкпір-түкпірінен 57 көлік пен 146 қатысушы келеді. Бұл оқиға қала үшін ауқымды мәдени-туристік шараға айналып, жергілікті тұрғындар мен қонақтарға әртүрлі мәдениеттер мен ұлттарды тоғыстыратын бірегей раллидің атмосферасын тамашалауға мүмкіндік береді.

21/08/2025 7
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.