ШҚО-да «Қазақстандық Алтай – әсерлер мекені» байқауы жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай кәсіпкерлер мен туристік сала өкілдері арасында «Қазақстандық Алтай – әсерлер мекені» байқауы жарияланды.

Байқауды Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестициялар басқармасы ұйымдастырады. Байқаудың негізгі мақсаты – туристік әлеуетті сапалы дамытуға және өңірдің туристік мүмкіндіктерін ілгерілетуге үлес қосып жүрген туристік саланың үздік өкілдерін анықтау және ынталандыру.

Қатысушылар алты номинация бойынша бақ сынай алады:

  • «ШҚО үздік қонақ үйі – 2026»;
  • «ШҚО үздік демалыс базасы – 2026»;
  • «ШҚО сауықтыру нысаны – 2026»;
  • «ШҚО үздік туроператоры – 2026»;
  • «ШҚО туризм саласындағы үздік блогері – 2026»;
  • «Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін».

Өтінімдер 2026 жылғы 21 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байқауға қатысу шарттарымен, бағалау критерийлерімен және конкурс материалдарына қойылатын талаптармен Байқау ережесінен танысуға болады: Байқау ережесі

Өтінімдер тиісті номинациялар бойынша Google Forms арқылы қабылданады: Байқауға қатысуға өтінім беру

Байқау туристік өнімдерді дамытып, саяхатшылар үшін сапалы жағдай қалыптастырып, Шығыс Қазақстанды туристік бағыт ретінде танымал етуге үлес қосып жүрген сала өкілдерін ынталандыруға бағытталған.

15/09/2026 8
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.