ШҚО-да бірыңғай туристік көлік экожүйесін құру жоспарлануда

В ВКО планируют создать единую туристическую транспортную экосистему

Pana Asia халықаралық компаниясы ШҚО-да ауқымды жобаны жүзеге асыруды бастайды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Таратылған пресс-релизде хабарланғандай, компания өкілдері логистиканы туризм саласының дамуын бөгелтіп отырған негізгі факторлардың бірі деп атайды: жер көлемі жағынан Қазақстан Франция сияқты бес мемлекетпен тең, ал мультимодальды көлік жүйесіз туристік ағынды масштабтау мүмкін емес.

Бұл міндетті шешу үшін «Шығыс облысының мультимодальды бағыттары» жобасы әзірленуде. Ол — теміржол, кеме қатынасы, автокөлік жолдары мен шағын авиацияны «Алтай — Катонқарағай — Марқакөл — Зайсан» сақиналы бағытына біріктіретін өңірдің бірыңғай туристік көлік экожүйесін құру. Оның ішінде Ертіс бойымен Зайсанға және әуежайға дейінгі круизді қамтитын «Өскемен — Бұқтырма» учаскесі де бар.

Жоба туристік аймақтардың көлік қолжетімділігін арттыруға, ішкі және шығу туризмін дамытуға, сондай-ақ өз бетінше жұмыс істейтін отандық туристік өнімді қалыптастыруға бағытталған.

Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 47,5 миллион долларды (25 миллиард теңге) құрайды, жүзеге асыру мерзімі — 2028 жылға дейін.

Дереккөз: YK-news.kz.

Аударма: VisitEastKZ

10/08/2026 14
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.