ШҚО-да 2026 жылы туристер саны 500 мыңнан асады деп күтілуде

Жаңа туристік маусымға қатысты жоспарларды туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы орынбасары Әлімжан Дайырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Шығыс Қазақстанның туристік және рекреациялық нысандары бір жыл ішінде 534 мың ішкі туристі қабылдайды. Бұл — облыс тұрғындары және Қазақстанның басқа өңірлерінен келетін қонақтар. Сонымен қатар, шетелден шамамен 44 мың туристің келуі күтіледі.

2025 жыл бойынша түпкілікті қорытындылар әлі шығарылған жоқ, алайда алдын ала есеп бойынша туризм басқармасы өңірде шамамен 450 мың ішкі турист және 20 мыңға жуық шетелдік демалғанын айтады. Осылайша, облыс биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда шетелдік туристер санын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Туристер санын есептеу кезінде туристік базалар мен қонақ үйлер ұсынатын орналастыру туралы деректер ескеріледі.

Алматыны, әрине, қуып жете алмаймыз, бірақ орналастыру орындарының саны бойынша республикада екінші орындамыз, — деп пікір білдірді Әлімжан Дайырбаев. — Ал төсек-орын сыйымдылығы бойынша — үшіншіміз.

Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, нақты туристік ағын бұдан жоғары болуы мүмкін. Себебі адамдардың бір бөлігі ресми түрде саяжай ретінде тіркелген үйлерде тоқтайтын «көлеңкелі туризм» бар. Сондай-ақ туристік базаларға бармай, шатыр тігіп демалатын «жабайы» туристердің есебінен де көрсеткіш ауытқуы ықтимал.

Отырыста кірме туризмге қаржы министрлігінің шетел валютасын айырбастау саясаты кері әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық айтылды. Ресейлік туристер Қазақстанға ішкі паспортпен кіре алады, алайда айырбастау пункттерінде рубльді теңгеге ауыстыру үшін шетелдік паспорттың (загранпаспорттың) болуы талап етіледі. Бұл мәселе тек Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде шешілуі мүмкін.

Дереккөз: yk-news.kz

Аударма: VisitEastKZ

03/02/2026 12
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.