Шығыс Қазақстан Қырғызстанмен туристік ынтымақтастықты нығайтуда

2026 жылғы 30 қазанда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің Төрағасы Әділбек Қасымалиевтің қатысуымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы II Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

Шығыс Қазақстан облысының делегациясын облыс әкімінің орынбасары Р.Т. Құрмамбаев бастап барды. Делегация құрамына өңірдің жетекші туристік компаниялары да кірді.

Форумның маңызды нәтижелерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Ыстықкөл облысындағы Өкілетті өкілінің аппараты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Құжатқа ШҚО әкімінің орынбасары Р.Т. Құрмамбаев пен Қырғыз Республикасы Президентінің Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкілі Б.Ж. Жетигенов қол қойды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы "АҚ-Сай Тревел" қырғыз компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісім туристік байланыстарды нығайтуға, өзара туристік ағымды ұлғайтуға және Қырғызстан нарығында Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған.

Ыстықкөл облысымен ынтымақтастықты дамыту туристік алмасуды кеңейтуге, Қырғызстаннан келетін туристер санын арттыруға және Шығыс Қазақстанды халықаралық туризмнің перспективалы бағыты ретінде ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

04/11/2026 62
Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.