28 наурыз күні Риддер қаласында, «Эдельвейс» демалыс базасы аумағында қысқы маусымының жарқын жабылуы — LAST RIDE x NAURYZ VIBES өтеді.
Бұл күн жылдамдыққа, адреналинге және нағыз тау атмосферасына толы болмақ. Қатысушылар драг-рейсингте, «пяткамен» экстремалды жүруде және артқа қарай тау бетіне көтерілу жарыстарында өз шеберліктерін көрсетеді. Финалға ең жылдам, батыл әрі техникалық шебер қатысушылар жетеді.
Қонақтар үшін де қызықты ойын-сауық бағдарламасы дайындалған: жүргізуші, дәм-тәттілер, DJ және Snow Taxi мен тюбинг, белсенді ойындар, арқан тарту, флешмобтар, би және мерекелік көңіл-күй. Қосымша тағамдар мен сусындарды сатып алуға болады.Тіпті рөлде болмасаңыз да, оқиғаның дәл ортасында боласыз.
Іс-шараның басталуы — сағат 14:00. Қонақтарды жинау шамамен 13:00-де «Эдельвейс» демалыс базасында өтеді, одан әрі қатысушылар ратракпен іс-шара өтетін орынға жеткізіледі.
Іс-шараға қатысу үшін міндетті түрде тіркеуден өту қажет.
LAST RIDE x NAURYZ VIBES — бұл жай ғана маусымның жабылуы емес, бұл пікірлес адамдардың кездесуі, тауға деген сүйіспеншілік және қысты ерекше көңіл-күймен шығарып салу мүмкіндігі.

Дереккөз: bearlog.kz