"Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі" Халықаралық фестиваль

2025 жылғы 14 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық музыкалық фестиваль өтеді.

Фестиваль бағдарламасы түркі халықтарының мәдени мұрасы мен тарихи сабақтастығының байлығын көрсетеді. Бір сахнада Қазақстан эстрадасының жұлдыздары: «МузАрт» тобы, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, «Абыралы» және «Тұран» топтары, Әмре және басқа да орындаушылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан, Саха және басқа да түркі елдерінен арнайы шақырылған әртістер бұл шараға қатысады.

Ашылу салтанатының шарықтау шегі — Берел қорғанынан табылған қасиетті бейне — Штандарттың символикалық қойылымы болады. Бұл артефакт түркі әлемінің рухани мұрасын, тарихи тұтастығын және мәдени байланысын білдіреді.

Фестивальдің жүргізушілері — танымал актер Әділ Ахметов пен тележүргізуші Әмина Жұмамұрат.

Фестиваль аясында көрермендер этнографиялық сахналық қойылымдар, тарихи көріністер, дәстүрлі музыка мен билерді тамашалай алады. Қатысушылардың өнері арқылы түркі халықтарының бірлігі, тілдік және рухани байланысы көрініс табады.

Фестиваль — бұл мәдени бірліктің символы. Алтай — өркениеттердің бастау көзі ретінде ұлы түркі мәдениетінің ұрпақтарын тағы да біріктіреді.

 

Катонқарағайда не көруге болады:

Катонқарағай ұлттық паркі

Берел қорғандары

Ескі австриялық жолы

Рахман көлі

Язовой сарқырамасы

Қаракөл көлі

Оралхан Бөкей мұражай-үйі

 

Катонқарағайда немен айналысуға болады

 

Қонақ үйлер мен тамақтану орындары туралы ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:

87782976833 Меруерт

87753661165 Амангелді

87081458653 Ақмарал

8747 345 9540 Нұрай

Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.