Серебрянск — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы қала. Ертіс өзенінің оң жағалауында, Үлбі жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан. 1952 жылы Бұқтырма ГЭС құрылысы кезінде гидроқұрылысшылар кенті ретінде құрылған.
Бұқтырма ГЭС Қазақстандағы ең қуатты және биік бөгеттердің бірі ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең сенімді (оның бетонының беріктігі 900 жылға есептелген).