"Марқакөл-Шығыстың Маржаны" Халықаралық фестивальі

«Марқакөл – Шығыстың маржаны» фестивалі – Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі болып табылатын Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының 50 жылдығына арналған мәдени-экологиялық іс-шара.

Фестиваль 2026 жылғы 31 шілдеде Марқакөл ауданының Ұрынқай ауылында өтеді және жергілікті тұрғындарды, туристерді, ғалымдарды, мәдениет қайраткерлерін және табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бағдарлама аясында көрмелер, жәрмеңкелер, дәм тату, шеберлік сабақтары, поэзия фестивалі, айтыс, ғылыми конференция және мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады.

Фестивальдің басты мақсаты – Марқакөл өңірінің табиғи және мәдени мұрасын дәріптеу, өңірдің туристік әлеуетін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның бірегей табиғи экожүйелерін сақтаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру.

Выделите опечатку и нажмите Ctrl + Enter, чтобы отправить сообщение об ошибке.